Аман қалудың қамын ғана ойлады, қара басының қамын жеді. ~ Мен — өмір бойы өз басын сауғалаудан аспаған Станислав-Стамбек, арысы ұлы Россия, берісі іргелі Қазақстан туралы ойлауымның өзі сөлекет емес пе. Ж.Айм. ~ «Адам басы бір алла болды» – дейді ол, – әркім өз басын сауғалады. Мен де бетіммен лағып әрең жан сақтадым. Өзгелердің аман-жаманын білмеймін. С.Мұқ. ~ Жан-жақтан жиылған қырық темірдің қылауы бірін-бірі жатырқады ма, әлде шетінен жасқаншақ па, әрқайсысы пәледен аулақ деп, өз басын сауғалады. Т.Сәу.
