Өз құнын түсірмейді, басын жоғары ұстайды. ~ — Өзін тым асқақ ұстайды, — деді талдырмаш актриса. — Өз бағасын білетін шығар… Н.Сер. * Қарапайым, қол жеткен табысына кеуде қақпаған, жіберіп алған қатесіне қапаланбаған жан – өз бағасын білетін адам дер едім. Ә.Ысқ. ~ Алдындағы шопанның бір қақпай әдемі қалжыңы да бар, ә! Бәсе, кірген бетте-ақ өзіне-өзі сенімді, өз бағасын білетін адамның сыңайын танытып еді-ау. К.Қаз.
