Posted in

ӨЗ АЯҒЫНАН КЕЛГЕН

Өз бетімен, тегін келген несібе, пайда туралы. *  − Жалғасқа не бетімізді айтамыз. Ел-жұрт не дейді?  − Жалғас, Жалғас деп… Не десе, о десін. Сол сықсыңдайды екен деп құдайдың өзі өз аяғынан айдап келіп тұрған ақшадан айырыламыз ба? Н.Дәут. * Жігіттердің көзі жайнап кетті. Айтса да алты күннен бері тор, тұзақ түк ілмей, көзі көкшиіп отырғанда өз аяғынан қораға кіріп жатқан қыруар киіктің мүйізін сатып шаш-етектен пайданың астына қалса несі кетеді?  Ә.Нұрп.Құдалық салт-дәстүрі сақталмай, “тегін” келгенәйелге қатысты айтылады. * Нағимаға келе жатыр. Жанында — Құлтума. Сөз салмаған жігітке өз аяғынан соқтығып әйелдің келсін деуі — қазақ әдетіне тым сиымсыз. Б.Майл. * Осы отырған бар кісінің, мына қыздай алған жалғыз жарың бәйбішеңнің де өтініші бұл… – деп, Алдаберген софы Ақбаланың өз аяғынан келгенін әдейі қағытып өтті.  Ә.Нұрп.