Туған баласы, өз қаны. ~ Құдайға шүкір, мұнда келген соң да біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, еңбегін істеп жүріп жатыр. Өз кіндігінен жеті – сегіз бала бар. Қ.Жұм. ~ Өмірден түңіліп тұрғанда, өз кіндігінен бір ер ұрпақтың аман қалуын ойлаған әке, ағасына Мәдиярды аманатқа жіберген… Т.Рыск. ~ Шиттей баламен иен заимкеге жалғыз тастап кеткенде Настасьяға да ренжіген жоқтын, ол өз кіндігінен еді ғой… Қ.Ысқ. ~ Уақыттың мезгілсіз келген күзі, мезгілсіз кірген ызғары оны бөтен түгіл, өз кіндігінен туған баласының да бір ауыз жылы сөзінен ертерек айырған екен. Қ.Ысқ. ~ … Боранқұлдың Зипәгүлден туған үлкен ұлы Отаршының хатынан да, өз кіндігінен туған Балқаштың тірі жүргендігінен де бейхабар отырған Мәлике мына қуанышты лебізді естігенде аңырып отырып қалды. Ғ.Біл. ~ Суық та жат көзқарас… Өз кіндігінен туған баласына емес, жауына қарайтын жат көзқарас.. М.Қаб.
