Posted in

ӨЗ КӨЗІНЕ (ӨЗІ) СЕНБЕДІ

Таң болды; қайран қалды. * “Ой, Алла-ай, осы шынымен өңім бе, әлде түсім бе” деп өз көзіне өзі сенбеген Нұрдәулет алғашында абдырып үнсіз тұрып қалды. * Өшіп қалған қол телефонның қуатын толтырып қосқан кезде өз көзіне өзі сенбеді. Бір кезде атағы әжептәуір болған актриса бар болғаны үш адамның номерін сақтапты. Ж.Шамұр. * Әуелде өз көзіне өзі сенбеген Дархан аспаннан адам жауғандай селтиіп тұрып қалған. О.Бөк. ~ Қарт өз көзіне сенбей оң қолының сыртымен көз ұясын сүйкелей қалды. Х.Ес. ~ …әдеті бойынша қасын кере қарағаны сол еді, басын көтерген күйі қатып қалды. Таңқалып, өз көзіне сенбеді. АҚ. “Таразы өмір”. ~ Ол да жылы. Кенет шынашағының ұшы дір ете түскендей болды. Көзіне сенбеді. Т.Сәу.