Posted in

ӨКПЕСІ ТАРҚАДЫ

Көңілі жайланып, реніші басылды. ~ —  Келді ме? Әлде өкпесі тарқаған жоқ па?— деп жымиды Савельев. Б.Тоғ. ~ Егер осылай істесеңіз, қазақтардың өкпесі тарқап, тең хұқықты бодан ел ретінде өзіңізге деген құрметі арта түскен болар еді. Қ.Жұм. ~ Көңілдегі жұмбағы шешілмей кетсе, уақасы жоқ. Тіпті, соның өзі жақсы. Кездескен болсақ, анығын айтсам… маған сенер еді, кешер еді екеуімізді де, бірақ… өкпесі тарқамас еді. Маған деген. М.Мағ. ~ Өте Тілеу (құлағын азалап) нағашы жұртына өкпелеп, Ақ-Мешіттегі ағайынына көшетін болады. Бipaқ, нағашы-жұрты (шектілер) жібермей кеуілін тауып, азар көрсетушіден, құлағының құнына бip қыз тегін алып бepiп, өкпесін тарқатып риза қылады. С.Ғабб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *