Қатты көңілі қалды; кек сақтады. * Бiтiспес дұшпаны – Сүлейменовтi саясына алғаны үшiн оған өкпесi қара қазандай. Кекiрейген ол неменi су түбiне жiберудiң талай сәтi түсiп едi амал не. Т.Сәук. * Балта ешкімнің “газик”, “волга”, “жигулилеріне” қызықпайды. Бірақ анау Берден мен Хайролла ағаларына әрине өкпесі қара қазандай. С.Смат. * Кеше «жеңеше», «апай» деп сызылып тұратын совхоздың игi жақсыларына деген өкпесi қара қазандай. Т.Сәук. * Ата қаз асығып аптығып, аузы-басы сыпсыңдап әлдебір өсекті соғып жатты, бірақ оның не айтып, не қойғанын өкпесі қара қазандай боп тұрған Каштанка түсінген жоқ. А.Чех. (Қ.Ысқ.) * Бірақ кішкентай қызының көз жасын сатып, өзгеріп отырған жеңгеме менің өкпем қара қазандай» дейді Жәнелдің ағасы. БАҚ
