Posted in

ӨКШЕЛЕП ҚУДЫ

Соңынан қалмай қуды. *  Бұл жолы қанша айбарақ жасағанмен, көпке топырақ шаша алмады. Артынан он-он бес жігіт өкшелеп қуып келеді. О.Сәрс. ~ Күнәһарды иықтан лақтырып ол кенеттен, Самғады төмен жартастан әлдеқалай себеппен; Жылдамырақ өкшелеп ұрыны қуған төбеттен. М.Мақ. ~ Үйге жеткенше әлдекім арт жағынан өкшелеп қуып келе жатқандай болып, сәл аялдаса жон-арқасына келіп жармаса кетердей сезіліп, жауырын ортасы терши шымырлап, буындарынан жан қаша, дәрмені құрып, таусылып бітті. С.Үс. ~ Оспандар Қыстаубай ішінде Сары Сүлеймен ауылын шауып кетті. Оспандарды ала жаздай жау өкшелеп қуып жүрді. Ел ішінен бізден тіл алып тұрды. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *