Істеген ісінде немесе тұла бойында, мінез-құлқында әлдебір кемшілік бар д.м. * Біздің елде бастықты сынайтын қауқар қайдан болсын. Басшының, редактордың, көсемдердің өкшесі қисық деген кісімен шәт-шәлекейі шыға ұрсысып, жаудай жағаласып балам жүр ғой. Д.Дос. * «Басқан аяғын аңдып, жұмысқа кешігіп келгенін, ертерек сұранып кеткенін… өкшесі қисық болса… аурудан әлденені дәметсе… тіпті әжетхана қағазын жөнсіз пайдаланса… қойшы әйтеуір, қалың дәптер ашып, жаза бер, жаза бер. Д.Дос. * … әкім-бастықтың бір ауыз сөзін жерге тастауға еш құдіреті жетпейді: жақсылық жасаған кісіні жүрегіңнің төрінде ұста, бір қайырға – мың мінажат, әкімнің өкшесі қисық деген кісі оңбайды, деген уағыздар өз аузынан шыққан. Д.Досж.
