Ұрып-соқты, өлтірердей сабады; қинады, зорықтырды. ~ Баяғыда ауылыңдағы қазақтар мені “ұнымызды кем бересің” − деп сабап, өлімші қылғанда, сенің әкең ажыратып алып, үйіме атқа өңгеріп жеткізіп салған. Н.Дәу. ~ — Өлмесе де басқаларды өлімші қылатын шығар, — деп музыкадан сабақ беретін келіні баянын арқалап мектепке кетті. Қ.Түм.
ӨЛІМШІ ҚЫП ҰРДЫ (САБАДЫ)
Аямай ұрып-соқты, жанын көзіне көрсетіп, көкала қойдай қылды. ~ Жалғыз атымды алып қойды. Ауылымды шапты. Әйелімді өлімші қып ұрып кетті. Жеңгелерімді, қарындастарымды басты. Ж.Айм. ~ “Бар тапқан ақшасын алаяқтар алдап кетіп, тақыр жерге отырып қалыпты. Өзін тонаушылар тонап, өлімші қып ұрып кетіпті…” деген үрейлі хабар да ұзын құлақтан жеткен. Т.Рыск. ~ Алдында Нұрдәулеттен таяқ жеген нөкерлер енді аяқ-қолы байланған оны өлімші етіп сабап тастады. С.Досан.
