Өле жаздады, әзер тірі қалды. ~ Қожаға қолын қаздырмай, қиғылық салып еді-ау! Ақырында содан ауырып, өлім аузынан қалып еді-ау. Т.Әл. ~ … алты жасында жасырынбақ ойнап жүріп, кептіріп қойған холодильникке тығыламын деп қайтып шыға алмай өлім аузынан қалғаны бар. Қ.Ысқ. ~ … бүкіл Жындысайдың жықпыл – қалтарысын қағып жүріп Әбдіжапардың қоймасын ақтарып қайтты. Бірақ өзі де өлім аузынан қайтқан… Қ.Ысқ.
