Posted in

ӨЛІП ТҮСЕДІ

Әлдебір бірдеңеге тым құмартады, сол үшін жанын беруге бар. ~ Көкпаршылығы әлемет біздің кісінің. Екеуі тақым тартысып та көрген», – дегенде, кәдімгідей-ақ марқайдым. Дәл рас. Әкем көкпар десе өліп түседі.Ө.Кәр. ~ Ел ішінің еркесін күндегі көпшіліктен өзгеше күйде көруге ынтық «оқығандар» кейде Жәмештің осы қылықтарына әсіресе құмарланып, өліп түсетін. М.Әу. ~  Мықтылар да қарап жүрмейді. Түйенің жарты етіндей болған «мына қас- қаң» қиық қас десе өліп түседі. Ө.Кәр. ~ Алмай кетсін бе, нәрсе- қараға пысқырып та карамаған. Тек ақша. Әйтпесе тамағынан өтетін бірдеңе. Жартылыққа өліп түседі. Былай шығы- сымен сыңғытады. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *