Болбыр, жігерсіз, оралымсыз, ебедейсіз. ~ Өкпе жүректен де нәзік. Денедегі қызметі орасан болғанымен, болбыр, босаң келеді. Суық тигіш келетіні содан. Сол себептен жігерсіз, өлі сүйек баланы «бозөкпе» деп жақтырмайды үлкендер. Жетімдік көріп жетілген жасты «тесік өкпе» деп мүсіркейміз. Ө.Кәр. ~ Мұндай кезде бел шешпей, ұйқы көрмей, ат үстінде құрыққа сүйеніп мызғитын, сары тап болған өлі сүйек жылқышы болады. Ж.Ахм. ~ Тастың қуысына артын беріп қорғануға кіріскен сынық мұйіз ақсақ құлжа оңайлықпен жан беретін өлі сүйек емес-тін. Ө.Кәр. ~ Жапа-жалғыз шығаңдаған бұл ғана. Өзгелердің айдарынан жел ескенде, жемтік күзеткен кәрі қасқырдай көрінген қарадан ықтап бой тасалағаны ұят-ау өзі?! Соншалықты өлі сүйек емес еді ғой? Ө.Кәр. ~ — Е, ненді бүлдірдім? – Шайпаусың! Бейапарсың барып тұрған! — Сенің де жетіскенің шамалы! – деді әйел шаптығып. – Ынжықсың! Жігерсіз өлі сүйексің. Ө.Кәр.
