Posted in

ӨЛ ДЕЙСІҢ БЕ (ДЕЙМІСІҢ?)

Қолымнан басқа не келеді д.м. * – Ол заңның шыққанына, біздің құлаққа тигеніне екі-үш-ақ күн болды, әке. Ести сала құс болып ұшқаным осы. Одан артық өл дейсіз бе? Жазықсыз күйдіресіз-ау тіпті кейде. О.Бөк. *  Обалдағы-ай… Оу, тағы да ішсеңші. Бұл інді шайы ғой десем, «фермаға барам. Інді болса қайтейін, жарылып өл деймісің».  М.Сүн. * — Өл дейсің бе енді маған.  Барымды берем, жоқты жерден қаза алмаймын… С.См. * Киномеханик оның сөзін маса шаққандай елеп жатқан жоқ. Анда-санда шыбыннан желпінгендей: «Уа, маған не дейсің? Өл деймісің? He берді соны әкелдім. Көрмейміз десеңдер, кеттім»,— деп қалады күңк етіп. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *