Posted in

ӨМІРДЕ НЕ БОЛМАЙДЫ

Ештеңеге таң қалуға болмайды, өмірде бәрі мүмкін. ~ Бағдан мүдіріп қалды. Өйткені жаңағы бір топ жастар арасында: «Әспет, ренжіме, өмірде не болмайды. Әспет, барған соң хат жаз», – деген секілді сөздерді естіген соң. «Сол Әспет дегені осы шығар», ─ деп төтелеп жібергені болмаса басқа не біледі? С.Шай. ~ Ерлігі жоқ елдің еркін, тәуелсіз болуы екіталай. Өмірде не болмайды. Адам баласы бір терінің ішінде сан семіріп, сан арықтамай ма? Т.Мед. ~ Өмірде не болмайды. Жастық желігі, мастық қызуы қайда жетелемейді. Маратбектің ойламаған жерден жігітшілік жасағаны да бар. С.См.

ӨМІРДЕ НЕ БОЛЫП, НЕ ҚОЙМАЙДЫ

Өмірде бәрі мүмкін, бәрін күтуге болады. ~ Өмірде не болып, не қоймайды, кейде адам осалдық жасап алады екен, сонда осылайша бүкіл өмірді бірден адыра қалдыруға болар ма өйтіп не керек? В.Шук. ~ Өмірде не болып, не қойып жатқанын ең ақырына дейін көріп, есітіп жүру үшін, содан соң өзі басынан өткеріп сынаған, толық көріп, естіген нәрселерінің басын қосып қорытып, оның орнына ақиқат шындықты толық білу үшін енді орнынан тұрып, кетіп қалуы керек еді. В.Расп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *