Өлді, ажалын тапты, мүрдем кетті. * Сол құлағы жылан шағып алғандай дыз ете қалған Қанат төсектен атып тұрды. ~ — Өмірем қапқан екен десем, шыбының кеудеңде екенғой?! Н.Сер. * – Жеткіз! Еркексің ғой… – деп Айдақгүл айбұқалығына басып өкшесін еденге қадады. – Өмірем қапсаң да жетпейді! – деп Жайынбай да зірк ете қалды. Е.Абд. * Бұған Бердібек шыдай алмай Жыланкөздің алдына барады. Ол жақауратып жатпады, белден бір-ақ басты. «Бураны не кісендеп ұстайсың, не мен оны өмірем қаптырам». Н.Дәу. ~ – Өмірем қапқан екен десем, шыбының кеудеңде екен ғой (Н. Сералиев, Ыстық күлше). «Өлмесе өмірем қапсын! Д. Ис. * Сөйте алмаса, сөйту ешкімнің қаперіне кірмесе, осыдан барып әркім өзімен өзі болуға айналып, өзін туған өз жұртын өзекке теуіп өмірем қатыра берсе өмір шіркінде не құн, не абырой қалады. Н.Дәут.
