Ажалы жетті, бақұлдасты. ~ Жаңа ғана өмірмен қош айтысып, өлімге басын байлаған Ержан енді сол қара түнектің ішінен үміт етті. Ә.Әб. ~ Кенет, сол заматта қыстыға ояндым. Сосын, айналасы екi күннен кейiн Найзабек аға бұл өмiрмен қош айтысты. Ә.Ыб. ~ Ал жер бетіндегі татар талқанымыз таусылып, өмірмен қош айтысқан шақта, ай біздің орындалуға жазбаған ниет-тілектерімізді өз бойына тоғыстырып, қабіріміздің үстінде қалқып жүреді. Б.Қан.
ӨМІРМЕН ҚОШТАСТЫ
Көз жұмды, қаза болды, ақтық демін алды. ~ Әуре боп опасы жоқ көңілменен, Мен кеттім, дегендей-ақ: «Түңіл менен». Сонда да үміт үзбей, қарай-қарай,Жан досым, қоштасыпсың өмірменен. М.Жұм. ~ Құдай басқа бермесін, бұл адайлардан бәрін де күтуге болады. Қараса ортада бірінің үстіне бірі текшеленіп, әлдеқашан бұл өмірмен қоштасқан өз адамдары жатыр. О.Көш. ~ Жалынғандай шыңғырып, жансауға сұраған жануардың өлерін сезіп, өмірмен қоштасар алдындағы ақтық тұяқ серпуі екенін бәрі білсе де, қолдан келер амал таба алмай дағдарған. Б.Ыб. ~ Фарихтың жүдеу өңіндегі азап таңбасы әлі өшпепті. Жас өмірмен қоштасар сәттегі соңғы қиналыстың ізі анық. Н.Ақ.
