Қасырет көрді, уайым-қайғыдан көз ашпады. ~ Әңгіменің басындағы тезекке кеткен Ұрындық, тамаққа жарымай, ұрлық қылып таяқ жеп отырған Құрмаш, үй артындағы қарны аш Нұрмаш қорлықта жас өмірі өксіп отыр. Олардың көз жасы кімге? Оқушы өзі шешсін. Ж.Айм. ~ Жұдырықпен бір қойғаны үшін сотталады да кетеді, ол бір ұдырықпен кек те қайтпайды, өз өмірі өксиді, қор болады. С.Мұр. ~ Ұшқан құс құтыла алмайтын құм арасындағы Тарым түрмесінде жиырма жыл өмірі өксіп келген атамыз (әкемнің әкесі) бұғаудан босап келген жылы мен туылыппын… Ы.Дәб. ~ «Жас басымнан жалшылықта жүріп тесік өкпе боп өстім, қырыққа келгенше кісі есігінде өмірім өксіді, содан құдайға құлшылық қылуға да қолым тимеді», – деп имандай сырын айтқаны да бар. С.Ом.
