Тіршіліктің қызығын көру; өмір сүру. * Ол кездегі бәріміздің бірінші арманымыз – жауды жеңу болса, екінші арманымыз – соғыстан соң бір-бір жақсы жар құшып, жарасты өмір кешу еді. Ә.Нұрш. * Жазмыштың жазғыруын іштей ұққан бұл екеуі ендігі жерде өмірдің мәні бір-біріне тірек, ерекше сезімтал болып, кірбіңсіз, кіржіңсіз тірлік кешу екенін ұғынысты. Ш.Айт. * Сауығып келем, Жинап та келем есімді. Сағынып қалдым, Саламат өмір кешуді. М.Мақ.
