Posted in

ӨНЕР ҚУДЫ

Өмірін өнерге арнады; өнер жолына бет бұрды. ~ Жас өмір надандықта өткен босқа, Оқымай, өнер қумай жазы-қыста. Білімнен ат-тонымен қашқан қазақ Сайлауға таласуға қандай ұста. М.Жұм. ~ Сен әнші емес, саясаткер болуың керек. – Болар ем, о баста өнерді қудық өрлетем деп… Тағдырымыз керітартар болды. А.Алт. ~ Асқар арғы беттен алғаш келе қалғанда Құлжа қаласынан таңдап тапқан, шығардажаны бір досы еді ғой Таңжарық? Бірі –  ақын, біреуі – әнші, гармоншы дегендей өнер қуған тең тұстастар еді- ау! Т.Рыс. ~ Ит тірлікке қолды бір сілтеп, өнер қуып, ән-жырдың соңына түсуге – қарт әке-шеше қолбайлау. Ендігі сиқы мынау. Бай аулының басыбайлы құлы есепті – құны төлеулі етікшісі. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *