Posted in

ӨРГЕ СҮЙРЕДІ

Алға тартты, биік мақсатқа ұмтылдырды. ~ Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай! Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр, Түнерген төбемізден бұлт арылмай. Көк етті, көн терілі, көніп қалған, Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай. А.Байт. ~ Әміре қазақтың ән өнерін әлемге танытқан, асқақ үнімен жаңадан ірге жайған театр сахнасында, ел алдына баратын концертінде өрге сүйреген әуен асқары еді.  С.Бег. ~ Л ә з з а т. Иә, оның алдында үлкен айыбым бар сияқты. Шын махаббат адамды өрге сүйрер еді. Менің махаббатым кері кетірді. Жолым сәтсіз екен. Т.Ах.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *