Өрмек жібін өрістің төрт қазығын айнала керу. ~ Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алып, өрістің төрт қазығын айнала жүріп соған төгу. Мұны өрмек жүгіру деп атайды. Х.Шобай. ~ Қашан да өрмек жүгірген үй серуін апама байлататын. Өрмекті көп тоқыған апам кейінгі жағын, әрине, қыздарына берген. Ү.Жәл. ~ Бірде шымырып ши орап, бірде ауыл үйдің бойжеткендеріне қалы үйретіп, бірде қасына келінкепшікті иіріп алып, киіз қарпытып, бірде өрмек жүгірген үйдің серуін байлап жүргені. Ү.Жәл. ~ Ауыртпалық әсіресе, әйелдерге түскендей. Жүн сабау, киіз басу, жіп иіру, өрмек жүгіру — бәрінің басы-қасында жүретін солар. Ү.Жәл. ~ Қыс өтті. Жаз бітті. Күз болды. Әжесі үйге өрмек құрып жүгіріс керді, тоқи бастады, адарғы қылыш сумаңдай бастады. Ф.Оңғ.
