Қатты қобалжып, өңі қарайып кетті. * Қағазына қарап, кәне таба алсыншы! «Қайт, қайт!» — дейміз. Тыңдамайды. Өзі де қылаң кісі емес еді, әлден уақытта бітіріп, өрт сөндіргендей қап-қара болып, сахнаның артына жоқ болды. Ж.Айм. * Әуезов төралқада, ортада отыр. Өрт сөндіргендей. З.Қабд. * Бір көткеншек бастық кез болды, сорыма. Өрт сөндіріп келгендей тұнжырады да отырады. Ж.Алтайб. * – Ел адамы деген аттарың бар!–деді оларға кескіні өрт сөндіргендей күп-күрең болған Мадияр,– біз сендерге сеніп келдік. С.Мұқ. * Үйге қайтып келе жатқанымызда, жолда есігінің алдында — Әжібек тұр екен. Түрі өрт сөндіргендей қап-қара боп түнеріп, қатулы еді. С.Мұр.
