Posted in

ӨРІСІН ТАРЫЛТТЫ

Жерінен айырды, қонысынан аударды. ~Байқаймысың, заман өзгеріп барады. Мына целина келмей жатып өрісімізді тарылта бастады. Тарылтқан емей немене, пәлен жылдан бері колхоз табынында жүрген жылқыларымызды түгел айдап әкеп тастады. С.Жүн. ~ Дала деген жетеді, әне, қалай шапқыласаң да. Алайда өрісіңді тарылтып, қуырып жіберетін – осындай пысықайлар. Б.Ыбыр. ~ Жәңгірдің дархан қағазын ұстаған байлар, сұлтандар, билер мен қожа – молдалар кедейлердің өрісін тарылтты. Ә.Әлім. ~ Қарт сұлтанның өзі Көкшетау дуаны ұйымдаспай жатып-ақ Орынбордың әскери губернаторы Эссенге арыз түсіріп, генерал Капцевичтің Көкше тауларының төңірегінде қала салып, қазақтарды қонысынан тайдырып, өрісін тарылтып, сұлтандар мен Тама рулары келіп қосылды. С.Ақт.

Еркіне жібермеді, аяғын тұсады, құлашынжаздырмады. ~ Совхоз шаруасын сөз қылдық. Жүсекең тым салқын, уһлеуді күшейтіп, әңгіменің өрісін тарылта түседі. Б.Майл. ~ Қапар сергіп салды. Ішті-тысты боп өрісін тарылтып, адымын шектегендерді бір сәт есінен шығарып өзін еркін сезінді. Ө.Кәр. ~  Әлемнің геосаяси кеңістігіндегі державалық елдердің арасалмағы ауысты. Өтпелі кезең ұлттардың рухани өрісін тарылтып, қуаттылардың қуатсыздарға күш көрсетуін өрістетті. БАҚ (ЕҚ”). ~ Былайша айтқанда, елдің анасы, жердің панасы болған ханша мүмкін-қадерінше туған жұртының өрісін тарылтқызбаған, өңірін таптатқызбаған. С.Ақт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *