Құны жоғары, ештеңе тең келмейтін. ~ Төленер ме қызығы мамық түннің? Жүз жыл емес, бір жылдың өтеуі жоқ, Ылаж құрып, мінеки налып тұрмын. Нағып тудың, Анам-ай, нағып тудың… М.Мақ. ~ Қартайған мынау шағыңда өзіңді-өзің байқамасаң, тағдырдың тартар сыйы да, өтеуі жоқ өкініші де осы шығар, – деп қапалана түсіп, қатты жүдеп қалды. С.Ғаб. ~ «Қалада тұратын жолдастарыңнан сұрап-біліп «Всемирканы» тапшы» деп, өтеуі жоқ өктем үнмен пәрмен берді. Қ.Түм. ~ Өтеуі жоқ жақсылығыңа ризашылығымды қалай білдірерімді білмей, ары ойлап-бері толғанып, осы шешімге келдім. Т.Сәу.
