Болған іс болды, өтті-кетті, ұмыт болды. * Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз… Ж.Айм. ~ Еркі желдің еркінде, Ел емес едім, ебелек. Өткен күнде белгі жоқ, Айтып – айтпай не керек. І.Жанс. ~ …Бәрі ұмыт болды. Өткен күнде белгі жоқ. Мына мені бұл оқиға бір сілкіндірді, жүдеп жүрген көңілді нұрландырды. К.Қаз.
