Posted in

ӨТКІР СЫН

Әлдебір туындының, не адамның кемшіліктерін батыл түрде, бүкпесіз айтып, бетіне басу. ~ Абай Қарқаралы дуанынан қазақтың неше алуан шешен сөздерін мақал-мәтелдерін, сайқал-мазақ, шанышпа тілдерін Бошан ортасында болған ақын-қожа Қалдыбай, Бурақанның айтқан өлеңдерін, олардың өткір сын, өтімді теңеулерін жадына сақтап қайтады. Әрх.Ысқ. ~ «Ілияс Омарұлы, “Вопросы истории” журналында жарияланған Ким жолдастың өткір сынын оқыдыңыз ба? Меніңше, бұл да кейбір тарихшылардың ақиқатты теріске айналдырып, қазақ халқының тарихын көпе-көрінеу сүмірейтіп көрсету ниетінен туған сандырақ тұжырым. М.Сәрс. ~ Керісінше, қай-қайдағы бір Р.Вайан маған көп әсер етеді. Өйткені, ең құрығанда ол өзі жайлы да әрі батыл, әрі өткір сын айта алады.  Д.Ис.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *