Өліп кетпес д.м. ~ – Тым қазбалап кеттің, Мақан тәйжі, менімен дауласқалы келіп пе ең?.. Түлкіше бұлаңдатпай-ақ айтшы төтесінен?.. Ешкімнің өті жарылмас. Қ.Тол. ~ “Салпы етек қатын” деген дөрекі сөз мұны селт еткізген. — Дөрекі де болса, айтайын, өттерің жарылып кетпес, деп тұр екен Орманов. Ә.Тар. ~ Ал колхоз председателі өзі салдырған екі қабат үйде тұрса біреудің өті жарылып кете ме екен? С.Бақ. ~ — Құрығырды ары аттап, бері аттап, мәймөңкелегенше, өті жарылып кетсе де Дербісалы, Жайнақ сен едің деп неге айтпайсыз, Тайлеке — деп еркін, кесек, ақжарқын күлкісімен қарқылдап үй толы жұртты да қоса ду күлдірді. Ж.Ахм.
