Posted in

ӨҢІН БЕРМЕДІ

Сұлулығын, көркін сақтап қалды. ~ Елудің жуан ішіне енсе де, өңін бермеген, салмақты, паң, манардай ақ бәйбіше еді. Тез кетуіне ел шетіне қиқу ілінгені де себеп болды ма деймін. М.Мағ. ~ Самайын да әлі қырау шалмағандай. Осындай сүйегі асыл адамдар сыланып-сипанып, күтініп өссе, елуге дейін өңін бермейді. Т.Әл. ~ Алдымыздан шилеуіт өзек кес-кестеді. Шашағы ағарып піскенмен түбіндегі теке сақал көкшулан қияқ аптапқа өңін бермепті. Т.Сәу. ~ Жәмилә жиырма үште күйеуге тиді деген не сұмдық! Отыз, қырық… ойпырым-ай, қырыққа келгенде қандай болар екенмін. Бірақ қырыққа келсе де өңін бермейтін әйелдер бар ғой, соның бірі болсам жарар еді-ау… Қ.Мұх. ~ Мұнда жер бетінің басқа тарабындағыдай қыс,  күз деген ұғым жоқ. Жыл – он екі ай бір-ақ маусым шыбынсыз, қоңыржай жаз. Қашан көрсең де өңін бермей жайқалып тұрған мәңгілік жасыл желек. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *