Posted in

ӨҢІ ТАЙҒАН ЖОҚ (ТАЙМАҒАН)

Көрік-сәні кетпеген, сыны бұзылмаған. ~ Рақилаға көзі түскен жерде– ақ, япырмай, Рақила қалай жұғымды, жасы отыздан асса да, әлі жап– жас, өңі тайған жоқ. Аққұба, маңдайы да жарық, әнтек мұрыны шошағырақ болмаса, өзі де биязы, киімі құба төбел болса да, кірі жоқ, таза, бойына қонымды, не керек, қазақша биялайға лайық бір әйел. Ж.Айм. * … төргі үйлерде сексеуіл бұталарынан буып жасалған екі төсекке мұқият жиналған бірнеше ескі текемет, алаша, кей жері тықырланып, түгі түссе де өңі таймаған қалы кілем, кезінде тәуір матадан қабылган, қазір оңып, сетінеп, әбден тозған екі-үш көрпе ғана бар екен. М.Мағ.  * … жалған жасандылығы жоқ, кіршіксіз таза тұлғасымен қызықтыра түскен, өңі таймаған қара торы қазақ келіншек әдеппен сызылып кеп атымды ұстап, қысыла қызарып, аппақ қолын ұсына беретіндей сезіледі.  Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *