Posted in

ӨҢІ ҚАШТЫ

Қорыққаннан не қобалжудан түсі бұзылды; үрейіұшты. ~ Анда-санда қыстыға жөтеледі. Түрі өзгеріп кетіпті. Өңі қашып, бозара түскен. М.Мағ. ~ Әсіресе, бағанадан үркіп, қатты өңі қашып, қабағын түйіп, жүдеп отырған Құралдың даусы жанын өртеп жібергендей болды. М.Әу. ~ –  Бейуақытта не ғып жүрсің, шырағым? Бір нәрседен қорықтың ба? Өңің қашып кетіпті ғой. Не болды? – деді.  Ә.Шәр. ~ Сонау Мәскеуден, одан Орынбордан шыққан хабар ел құлағы елумен бізге жеткенше көнеріп, өңі қашады немесе түрлене құбылып, өзгеше болып жетеді. К.Сегізб. ~ – Ботам-ай, өңің қашып кетіпті ғой, ауырып қалғаннан саумысың. Қай жерің ауырады, басың ба?- деп алақанын кең маңдайына басты.  С.Жүн.

Солғын тартты, бұзылды. ~ Шала жабылғанергеншек сәл көтеріліп қалыпты да, киіз есіктің бір шеті болар- болмас ашық тұр. Таң жарығы тайталасып, жартыланып қалған бозамық айдың өңі қашқан. Т.Рыск. ~ Злиха бүгін көңілсіз. Көңілсіз болғанда жайшылытағыдай емес, бүгін өзгеше өңі қашып, жақ жүні үрпиіп берекесі кетіп отыр. Не істейтінін, не істеп отырғанын езі де білмейтін секілді.  Б.Май. ~ Былтыр ұлттық киім киген екі қыздың архитектуралық мүсіні боялған. Алайда жауын шашын, күн мен желдің әсерінен мүсіннің өңі қашқан. БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *