Бет әлпеті өзгеріп салды; үрейден не басқа сезімнен түсі бұзылды. ~ Тұршабай төсектен көзінің алды күлтеленіп, беті ісіңкіреп тұрды. Байқаса, жан сүйері Шәрбан да солай екен. Жақ еті суалып, өңі қуқыл тартқан. С.Шәйм. ~ Естемес тағы да үндемей қалды: көзі өткір жылтырап, өңі қуқыл тартып алысқа қарайды. Т.Ах. ~ Сүйінғараның атын естігенде Әліптің реңі қуқыл тартып кетті. М.Әбд. ~ Ашуланғанда, пышақтың қырындай сылыңғыр қара жігіт Шегенің сұсы тым ызғарлы еді. Бақабас тергеуші ығысып қалды. Өңі қуқыл тартты. Шегеге де керегі сол еді. С.Ел. ~ Дәулет өзінен-өзі қысылып, көзінің алды күлбіреп, өңі қуаң тартыпты. Ә.Кек.
