Не ояу, не ұйқы екені түсініксіз, сенер-сенбестей дүдамал ахуал. * Әлі де өң мен түстің арасынан малтығып шыға алмай жатқан Нартуған мең-зең болып ауырлап кеткен басын әзер көтеріп … О.Сәрс. * Шамасы, өң мен түстің арасы, таң-ғажайып қош Нұр бір сәт жарқ-қ еткен!.. “Мәңгі ұмытпаймын!” – деп ант еткем! Т.Әбдікәк. * Іле өзінің кешегі аумалы-төкпелі, өң мен түстің арасындағы халдың ықпалында тұрғаны жетесіне жете бастады. М.Қаб. * Қыз бойынан ыстық бұлақтай бір сезімнің жүгіріп өткенін, дір ете қалған қос анарынан сезгір жігіт байқамады емес… Өзі де өң мен түстің ортасында қалғандай. Ш.Құм. * Қ о с п а н.Бұл қалай болды енді. Өң мен түстің арасындай… Біздің ауданға қалай келіп жүрсіз? Т.Ахт.
