Алқынып, ентікті; қатты абыржыған кейіп танытты. ~ Уездегі орнына ісіп–кеуіп өзінен–өзі тасып жүретін. Бір өзі бүтін дүниені тіреп тұрғандай екі иінінен дем алып, екіленіп кететін. Б.Мом. ~ – Біз байды кедейге теңейтін өкімет құрмақпыз! – деп, әлгі белсенді екі иінінен дем алып, ерсіне жауап беріпті. Ұ.Дос. ~ Келсе, қатынын сабаймын деп әбден шаршаған Сақар екі иінінен дем алып, қалшылдап тұр екен. Түрі адам шошырлық. Ү.Жлк. * … бұйдасынан ұстап тұрған, он төрт-он бес жасар баланың өң-сұрқы да бөтен екен. Алты айрығынан тер ағып, екі иығынан дем алып, өгізбен бірге ентігіп тұр. Ж.Сәм. Бұрқ-сарқ қайнады, буы бұрқылдады. ~ Тағы да дәм келді. Дәм болғанда кәдімгі бесбармақ та. Оның ар жағында екі иінінен дем алып самауырын тұр. C.Шай. ~ Стол шетінде екі иінінен дем алып, буы бұрқырап, үлкен самауыр тұр. Ш.Бей.
