Posted in

ЕКІ ИТКЕ АС БӨЛІП БЕРЕ АЛМАЙДЫ

Қолынан іс келмейтін икемсіз, ештеңеге қыры жоқ, жасық, болбыр адам. ~ Ақсақал, адал астың үстінде отырсыз ғой, шыныңызды айтыңызшы, менен бұрынғы начальник екі итке ас бөліп бере алмайтын ынжық, әрі қорқау еді деп естідім. Сол рас па? – деді. О.Бөк. ~ «Шабаннан – желмес, сараңнан – бермес туады» деген, әкең екі итке ас бөліп бере алмайтын ынжық еді, балта сабынан озар деймісің, тәңірім. О.Бөк.