ӨРЕСІ БИІК (ЖОҒАРЫ)
Оқыған-тоқығаны мол, жоғары парасатты адам хақында. ~ Стап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ іскер жігіт. Ғ.Мүс. ~ Ақын өлеңдерінің өресі биік, өнегесі өзгеше қымбат. Ж.Ер. ~ Әңгіме негізінен классик жазушының қызмет бабы, замана талабымен өресі биік көсемсөзге бой ұрып, тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси, жалпы ағартушылық бағыттағы публицистикасын сараптауға арналғанына көңіліміз толды. Ғ.Ән. ~ Мұхтар Мағауин, Сейдахмет Бердіқұл, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы, Нығмет Ғабдуллин, Темірбек Қожакеев, тағы басқа ұлттық өресі жоғары әрі білімдар ағалар ақын-жазушылар мен журналистердің талай толқынын тәрбиелеп шығарды. Қ.Рыс.
