Жалған сөзді сан-саққа жүгіртті. ~ Шатақ шығып, төбелесіп кете ме деп тықыршыған Ерік Төлебайға «шынын айта ма, әлде өтірікті сықпырта ма?» деген күдікпен барлай қарады. Б.Ыбыр. ~ Зынданға қамасаңыз да дүре соға көрмеңіз,– деп өтірікті сықпыртып, сардардың аяғын құшып, мұрнымды қос–қостан тартып, қорсылдадым – ай келіп. Ж.Сәм. ~ Қараман қолдарын жайып, басын шайқап, қынжылған кейіп танытты. – Уақыт кетіп барады. Осылай өтірікті сықпыртып, тұра береміз бе? Б.Ыбыр.
ӨТІРІКТІ СУҚИТТЫ
Жалған сөзді желдей гулетті. ~ Ал, өзін қойшы, өзінің жайы белгілі. Ақырзаман орнағанша өтірікті суқита береді, бірақ әйелге сенім жоқ! А.Крис. ~ Сөйтіп ол әңгімесін қысқа да нұсқа түрде қайталап шықты. — Өтірікті суқитып тұрмағаныңызды немен дәлелдейсіз? – деп дігірледі Блор. — Айтқан сөзіңіздің шындық екенін қалай растайсыз? А.Крис.
