Шаңыраққа береке ұялады, бақыт қонды. ~ Қазақтың басты байлығы — мал. Малдың басын құрап, көзін тауып, ерінбей-жалықпай еңбек еткендер бай болды. Еңбекпенен құт келеді. Құт келген үйден жұт кетеді. Ш.Мұрт. ~ Ұшқан құс құтыла алмайтын құм арасындағы Тарым түрмесінде жиырма жыл өмірі өксіп келген атамыз (әкемнің әкесі) бұғаудан босап келген жылы мен туылыппын да, әулетімізге ырыс келген, құт келген жылдың құрметіне азан шақырылған Ырысбек деген есім пақырыңызға бұйырыпты. Ы.Дәб. ~ Бұл хабарды алған соң дуанға да құт кірді. Ұлықтар жоғарғы жағына рапорт жазып, төменгі жағындағы болыстарды түнделетіп жинады. І.Жанс.
