Posted in
САБАСЫНАН ШЫҚТЫ
Шектен шықты, өз-өзін тия алмады. ~ Ханның ашулануы, сабасынан шығуы оңай емес, досының көңілді қалпы бұның
жанына тие бастағанымен бұл да жайбарақат үн қатты. Ә.Тар. ~ Ұрғашы болып, өмірінде түтігіп ашуланып, шаптығып
біреудің бетінен алып көрмеген шығар деп ойлаймын. Өзім әзірге Светаның сабасынан шыққанын көргенім жоқ.
Т.Ахт. ~ Әсіресе, Ирена сабырлы көрінетін: сұңғақ бойлы, әманда ақ киіп жүретін ол ешқашан сабасынан шықпайтын,
ашуланбайтын, әманда кішіпейіл еді… Ч.Пав.  ~  Табиғат… құдайда да, адамда да жазық жоқ – табиғат кінәлі. Әлі
бағындырып болғанымыз жоқ қой. Кей-кейде өстіп сабасынан шығып кететіні бар. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *