Posted in
САБЫНДАЙ БҰЗЫЛДЫ
Ойынан айнып кетті; оқыс өзгерді. ~ Сардар Тайманға қолын бір-ақ сілтеп, осы айтыстан кейін жөндеп сөйлеспей қойды.
Екеуінің арасы сабындай бұзылды. З.Қаб. ~ Сабын былғау кезінде іске байланысты ғана сөз сөйленеді де, артық қылжақ,
күлкі о бастан тыйылады. …Сабын біресе қойылып, бірісе сұйылып, тағы да жүнденіп, ақыры ірігендей бұзылды. «Сабындай
бұзылды» деген тіркес осындайдан қалған-ды, шырағым. Б.Қыд. ~ «Осы жолы Баянаулаға да барсам ба, деген ойым бар еді,
сабындай бұзылдым. Қарқаралыны, Шайтанкөлді көргім келеді. Кент тауы да есімді алады. Мұның бәрі көкейімде жүрген
болашақ фильм түсірілетін чудо жерлер ғой», – деді. И.Жақ. ~ Қорғанбайдың қызын көргенде, Қабан болыс сабындай
бұзылды. Шоқпыттың ішіндегі сұлуды бұл да айнытпай таныды. C.См. ~ Содан бері ұрғашы жұртынан жүрек шайлығып, көңіл
қаймыққан сияқты еді. Енді, мінеки, Алтайға келіп ашық күнде сабындай бұзылуымды қарашы?! Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *