| Әлденеге қобалжып, тыным көрмеді. ~ Злихадан бетер үйіне жетуге өзі асықты. Төрт айдан бері күні– түні жылаумен келе жатқан жетімдерді қуантқанша, Сарымсақтың жаны сабыр таппай келеді. Б.Майл. ~ Сейілбек тұңғыш оқушысының хикая турасындағы берер бағасын білгенше сабыр таппай: ─ Жақсысын құптарсың, ұнамаған жерлерін сынай бер, ұялма, – деді. С.Ом. ~ …үскірік аяз жанын қоярға жер таптырмай қос жұдырықпен кеудесін, санын сабалап зыр-зыр қағып жүр екен; оқта-текте бұған соғады; соққан сайын бұған қимылда, қозғал, жүгіріп ал дейді де, тақат, сабыр таппай безектеп жүгіріп ала жөнеледі; жоқ, бұл емес; сонда кім? Ә.Нұрп. |