| САБЫТЫН САЛДЫ |
| Біреуге ауыртпалық түсірді, масыл болды. ~ “Мен осы бір түйір көк жасыққа да тұрмаймын, сендердің ауыздарыңнан жырамын, сендерге масыл боп отырмын”. Ол өзіне міне періштеше осылай қарайды. Біз оны шамамыздың келгенінше бағып- қағамыз, бірақ, ол мұны сабытын салу деп есептейді. Ф.Дос. ~ – Болатқа бардым. Болатты алып келдім. Болат әне сыртта тұр. – Сен әкелуді ғана білесің. Сосын бар сабытын маған салмақсың, ә?! C.Шайм. * Осы Әспет тақылеттес адамдар болады – өз басының жайын айтып, шашыла бермейтін адамдар. Ондайлар өліп бара жатса да шағынбайды, біреуге сабыт та салмайды С.Шайм. ~ Өле-өлгенше кісіге сабытымды салмаспын, – деді соқыр кемпір. Ж.Молд. |
