Салған бетте, бірден. ~ Ол ел билеуге бола жаратылған жан ғой. Оның келбеті қандай! Екі иығына екі кісі мінгендей, бойы еңгезердей, күмістен шапқан, айбатты арыстандай, а дегеннен көзге түсетін адам. Ж.Айм. ~ Арпақ–құрпақ алыса түстік. Мен а дегенде–ақ іштей кіріп, аш белінен қапсыра құшақтап, көтеріп әкетпек болып едім, оныма ол оншалық жылжи қоймады. Ж.Сәм. ~ Әлгі жігіт қасындағы бір жәшіктің сыртында сүйеулі тұрған домбыраны алып, құлақ күйін безілдетіп шырқай жөнелді. А дегенде оның шырқап жөнелгені «Қарға» болды. С.Бег.~ Айналаға ақын дауысы ғана ие. А десе топ жарып жөнелген жүйріктей жөңкіген өлеңді мұң мен зарға қосып шумақтап барып – барып, шұбатып тастайды. І.Жан.
