Ұятты жерін болар-болмас етіп қана жасырды; жартылай жалаңаш жүруді ұятқа санамады д.м.
~ Жер астындағы пәлені білетін қазіргі жетішкі әйелдер түгіл, абыройын алақанымен жапқан сонау Хау Ана заманында да осы нәсіл Құдайдың құдіретімен көкірегінде қазір ұшатын құстай бұлқынтып қойған жұдырықтай жүрек жатқызып-тұрғызғанда болмаса, қалған уақытта кімнің жетегіне еріп еді? Ә.Нұрп. ~ Көрмейсің бе, олар абыройын алақанмен жапқан Хау Анамыздың заманына қалай қайтып барудың есебін таппай, үстіндегі тылтиған лыпаның етегін күнде қырқып жүрген жоқ па? Ә.Нұрп.
