Ел алдында қадірін түсірмеді, атына кір келтірмеді. ~ Бұрындық өз қатесін өзі түсініп, халқымен бір болғысы келсе, хан абыройын сақтап Арқа жеріне, не Сарайшыққа көшеді. І.Ес. ~ Бұл, менің… жүрегіңізге суық салайын дегенім емес… және де енді басқадан… неғұрлым өз абыройын сақтаған қыздардан біреуін таңдаңыз!… Мен өз күнәмді жуу үшін… тым болмаса кездестіріп, таныстырып қоя аламын! Қ.Шаб. ~ Менің атым қыз емес пе? Ақанның ашса алақанында, жұмса жұдырығында жүрдім. Ол не десе де тартынар менде хал қалмап еді. Қыз абұйырын сен үшін сақтайын деген ой болған жоқ. Мені сақтаған Ақан — ақын жүрегі. С.Жүн.
