Posted in

АҒАШ ЖАҒАЛТАЙ

Ылпың қаққан пысықайлық туралы. ~ Ағайынды қырық пышақ қылып, мына Сейтен секілді әулекілерді ағаш жағалтай қылып, абырой алғалы жүрміз десеңші она да. Ғ.Мүс. ~ Әлде бұл ақтық көрер жаңа жылы боларын сезінді ме, әлде шығыс майданы ұзамай қайта күш алады деген жоғарғы жағының ағаш жағалтайларына сенді ме, әйтеуір, бізді кернеп тұрған ашу мен ызаны қайната түсейін дегендей, Крюгер мырза жаңа жылға көрнеу ерсі әзірленіпті. Ғ.Мүс.
~ Өсер ел ормандай қалың көбін көтерсе, өсірмес ой «Тауфиқ-бей», «Жаутік-бей» деген сияқты болмашыны ағаш — жағалтай қылумен күні өтетіні белгілі ғой, бұлар бізге сонысын істеп тұр. Біз «Тауфиқ-бей!» дегенді бұл күнге дейін де талай есітсек те, оның қандай құдіреті барын көре алған емеспіз. Ғ.Мүс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *