Қолынан ештеңе келмесе де, жорта белсенділік танытып, кез-келген іске киліге беретін дүмбілез, сырттай пысық адам туралы. ~ Жаным – ау, мынауың суырылып тұр ғой, – деді Оразмағамбет оң жағындағы жағы сопиған егде қара кісінің тізесіне қолын тигізіп. ─ Ағасы ағаш белсенді Назар емес пе, – деді анау күңк етіп, – соған тартқан шығар. Т.Әбд.
