Иен түзде жабайы, тұмса табиғат кейпінде сақталған. ~ Ернеуі топыраққа сынық сүйем батып кеткен, айналасындағы қау боп өскен құраққа із түспеген. Биылдыққа адам қолы тимегені көрініп тұр. Т.Сәу. ~ Қапшағайдың шор-шор қызыл жартастары не, қаланың сегіз-тоғыз қабатты үйлері не, бәрібір. Айырмашылығы — жартастар адам қолы, сүймен, күрек тимеген жабайы да, үйлер — бұрыш-бұрыштары шығып, мұрын-қабақтары жонылып, ысқаяқтанған сыптығыр. М.Қаб.
