Кісі деп қарамайды, елемейді, місе тұтпайды, менсінбейді. ~ Нұрғали ойындағысын жасырмай айтуға кірісті: — Жоқ, менімен араз. Мені адамға санамайды. Олар коммунистер ғой, төре ғой, үстен қарайды, — деді. Б.Майл. ~ Мені мүгедек деп адамға есептемейді, бар қоясын қысылып–қымтырылмай ақтара береді. М.Қаб. ~ Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. БАҚ
