Posted in

АДАМДЫҚТАН ШЫҚТЫ (КЕТТІ, БЕЗДІ)

Адамгершілікке жатпайтын жаман істерге, жөнсіздікке барды. ~ Ғашықтық ішін өртеп диуана боп, Қор болып адамдықтан шықты мүлде. Бір құлы әкесіне берді хабар, Жиылды өңкей құрбы байбатшалар. Шәк. ~ Кәрім сол түні Күркіреудің бойында отырған кейуана шопанның үйіне қонған, кеудесінде қаулаған өртті тек қана қарсы өрт қойып сөндіруге болатын еді, сондықтан да адамдықтан безді, еш жазығы жоқ момын жандарды шопанның өзі мен кемпірін таңсәріде бауыздап, бастарын күресінге лақтырып кетті. Ә.Тар. ~ Адамның адамдықтан кетуіне, иә, не бары бір ғана апта уақыт кетеді екен. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *